Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” ЖПІШ: Ақтөбе облысында мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында “Автобус” ЖПІШ барысында мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен аптада “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе облысының ПД ЖПҚБ басшылары облыс әкімдігімен бірлесіп аудандар бойынша жұмыс сапарын өткізді. Мұғалжар, Байғанин, Темір аудандарының және Кеңқияқ ауылының тұрғындарымен, такси тұрақтары мен автопарктер қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Полицейлер жол апаттарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шара барысында өңірде 1144 құқық бұзушылық анықталды.

Әкімдік өкілдері жүргізушілерге нұсқаулықты, жолаушыларды тасымалдау тәртібін, қандай құжаттар қажет екенін, бір елді мекеннен екінші елді мекенге тасымалдау кезінде такси жүргізушілерінде не болуы керектігін түсіндірді.

Жыл басынан бері облыс бойынша такси жүргізушілерімен жеті ЖКО фактісі тіркелді. Онда 13 адам қаза тауып, 39 адам зардап шекті.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Қыс мезгілінде жолдарда ерекше сақ болу керек екенін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру