Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй алып беремін деп тұрғындарды алдаған сарыағаштық әйел қолға түсті

Үй алып беремін деп тұрғындарды алдаған сарыағаштық әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алып беремін деп 400 мың теңге ақшасын алып, қайтармай қойған. Екінші әйел өз арызында алаяқ Шымкент қаласынан үй алып беремін деп 500 мың теңге ақша алғанын көрсетті.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті әйел болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де, берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру