Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде есірткі сақтаған қызылордалық 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Үйінде есірткі сақтаған қызылордалық 12 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткен жылғы 11 қарашада “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер табылған болатын.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған шөп жалпы салмағы 4 келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. Қала тұрғыны сол күні қамауға алынды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сараланып, объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы үкімімен айыпталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру