Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінен кетіп қалған жасөспірімдерді ақтөбелік полицейлер тапты

Ақтөбе облысында хабар-ошарсыз кеткен балалардың екі фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілде күні полицияға 1968 жылы туған ақтөбелік жүгінді. 2005 жылы туған кәмелетке толмаған 8 сынып оқушысы қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Жасөспірім 30 маусымда кешке үйден кетіп, қайтып оралмаған. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында
қыз бала табылды. Ол Ақтөбе қаласында дос қызының үйінде болған.

5 шілде күні 1985 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғыны “102” телефонына хабарласып, 4 шілде күні 2006 жылы туған кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы қызы үйден кетіп, қайтып келмегенін хабарлады. Сол күні қыз Ақтөбе қаласындағы дос қызының үйінде болған.

Полиция департаменті ақтөбеліктерді балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге мұқият қарауды, кәмелетке толмаған балалардың жоғалып кету жағдайларын болдырмау үшін жазғы демалыс кезінде олардың демалыс уақытын өткізу мәселелеріне мұқият қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру