Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: тұрғын алданып қалды

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігін алып беремін деп, алаяқтық
жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданында жұмыс істейтін Шымкент қаласының тұрғыны Сайрам АПБ-
не арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне жақсы таныс емес адам
алдап, жүргізуші куәлігіңді жасап беремін деп сендірген. Алаяққа сенген тұрғын
оған 60 000 теңге ақшасын беріп, алданып қалған. Осылайша төрт айға жуық әне-міне
жасатып жатырмын деген сөзінен күдіктенген жәбірленуші полицейлерден көмек
сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық ” бойынша тіркеліп, сотқа
дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, тұрғынды
арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті барлық шаралар жасалды. Жинақталған
ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Шымкент
қаласының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіт оңай жолмен ақша табу
мақсатында жәбірленушіні арбауына түсіріп, алаяқтық жасаған. Қазіргі таңда
күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтардан барынша сақ болуды
ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыздар деп кеңес
береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру