Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ұйықтап кеткендеймін”: Павлодар облысында екі жол апаты орын алды

Павлодар облысында екі жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында “Павлодар-Қызылорда” автожолының 113 шақырымында, 3-сорғы станциясының маңында жол апаты орын алды. Онда 34 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол металл кескішіне соқтығысып, кейін көлік траекториясын өзгертіп, Shengrun тралына тіркелген МАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

– Жүргізуші “ұйықтап кеткендеймін” деп түсініктеме берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тағы бір қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні сағат 01:10-да Шідерті кентінің жанындағы “Павлодар-Нұр-Сұлтан” автожолында орын алды. Toyota Camry жүргізушісі шаршаңқы күйде жүріп, рөлде ұйықтап қалып, тіремелі Камазбен соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы көз жұмды, тағы бір жолаушы бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Павлодар облысының жолдарында 356 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 31 адам қайтыс болды, тағы 504 түрлі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру