Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық саябақта от жаққандарға айыппұл салынды

Алматы облысы Іле-Алатауы ұлттық паркінде от жаққан жағдайда 277 мың теңге көлемінде айыппұл салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауын-шашынға қарамастан, Алматыдағы таулы ормандардағы аймақтарда өрт қаупі сақталады.

Сонымен бірге, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 46 Қаулысының 3-тармағында (9 тармақша) көрсетілгендей жеке сапарларды қоспағанда (үш адамнан немесе үш отбасы мүшелерінен аспайтын) экскурсиялық, корпоративтік және топ болып табиғатқа шығып демалыс ұйымдастыруға тыйым салынды.

ТЖ Департаментінің атты және жаяу патрульдері, Табиғатты қорғау полициясы, Іле-Алатуы МҰТП инспекторлары мегаполистің тау етегінде рейдтер жүргізуді белсенді түрде жалғастыруда. Патрульдеу басталғаннан бері таулы ормандарда 65 от пен ашық оттың алдын алынды, 26 жеке тұлға 277 мың 800 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

3 шілдеде Бостандық ауданы Төтеншежағдайлар бөлімінің инспекторлары Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп патрульдеу барысында бір топ жастардың от жағу фактісі анықталды. Аюсай шатқалынан жоғары ұлттық саябақтың аумағында 2000 жылы туған ер адам жеті адамнан құралған топпен бірге, тыйым салынған жерде тамақ пісіру үшін ағаштар үйіп, от жаққан.

Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің  367-бабының 3-тармағында көзделгендей ормандарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу – жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш – 277 мың 800 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2000 жылы туған азамат Т. заң бұзушылығын мойындағаны үшін айыппұл төлейтін болады. Іле-Алатау ұлттық паркі жедел тобының инспекторы хаттама жасап, өндірісті қысқарту тәртібімен айыппұл салды.

Егер заң бұзушы айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, онда айыппұл сомасы 100 АЕК- 277 мың 800 теңгегенің орнына 50 АЕК-138 мың 900  теңге төлейді. 7 маусымда осындай заңбұзушылықтар үшін 1966 жылы туған алматылыққа ұлттық парктің ерекше қорғалатын аймағында от жағып самаурын қайнатқаны үшін айыппұл салынды. Ал 4 шілдеде Наурызбай ауданының Ақсай шатқалында 30 жастағы екі ер адамға табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен ескерту түрінде  әкімшілік хаттамалар жасалды.

15 адамнан тұратын  компания ыстық тамақ пен барбекю пісіру үшін екі жерден от жаққан. Өз кезегінде, “Еріктілер лигасының” белсенділері шатқалда демалушылармен түсіндіру жұмыстарынжүргізіп, 250-ден астам жадынаманы табыстады. “Еріктілер лигасы” мен “Ізгі ниет еріктілерімен” бірлесіп жасалған 42 рейдтің барысында 2540 ескертпе таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру