Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

Ұлытау облыстық полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, онда өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қатысушылар қоғамдық құқықтық тәртіп мәселелерін, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жеке құрамындағы заңдылықты қамтамасыз ету шараларын талқылады. Облыстық ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев “Идеологиялық тәрбие және практикалық тәжірибені көрсету, сондай-ақ ІІО ардагерлері арасынан облыстық ПД жас қызметкерлеріне тәлімгерлерді тағайындау” тақырыбында баяндама жасап, ішкі істер органдарын реформалау нәтижелері, полиция қызметінің сервистік моделі және қылмыстық процестің үш буынды жүйесінің жұмыс принциптері сияқты жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды.

ПД қаржылық қамтамасыз ету басқармасының еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау тобының жетекші маманы Гүлнұр Сейдахметованың “ІІО зейнеткерлері арасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңнамаға енгізілетін жаңалықтар және ІІО-ның оң имиджін қалыптастыру мақсатында олардың әлеуметтік қорғалуын нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы” тақырыбындағы баяндамасы да қызу талқыланды.

Кеңесте қоғамдық тәртіпті қорғаудың, жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар талқыланды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы атап өтілді. Кездесуді аяқтай отырып, Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру бағытында одан әрі жұмыс істеу бойынша нақты міндеттер тұжырымдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру