Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам қосылады

Алматыда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам қосылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, қазіргі уақытта 93 бағдаршам нысанын жүйеге қосу арқылы жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғырту, қайта құру және дамыту бойынша жұмыстар аяқталды.

Екінші кезең аясында жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам нысанын қосу жоспарлануда. Бұл жүйе қиылыстардағы жүктемені нақты уақыт режимінде оқуға және көлік ағындарын өзгертуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар биыл қосымша 30 шақырым велосипед жолдарын жасау жоспарланған.
Айта  кетейік, 2023 жылы 6060 жол белгілерін орнату және ауыстыру, 120 көшеге 305800 м2 жолды белгілеу сызықтары төселді, 34 қиылыс аймағында қозғалыс бағытының траекториясын көрсететін 1,7 жол таңбалау сызықтары сызылған, 65 көше қиылысында велосипед бағдаршамы орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру