Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында заңсыз балық тасымалдаған браконьерлер анықталды

Атырау облысында заңсыз балық тасымалдаған браконьерлер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпан күні сағат 12:20 шамасында Атырау облысы ПД балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Әйтеке би көшесі бойынан Lada Priora автокөлігімен заңсыз 43,3 келі болатын қара балық өнімдерін тасымалдаған 38 жастағы қала тұрғындары анықталды.

Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабына (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау, ұстау) іс-құжаттар жинақталып, Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.

Сондай-ақ, 22 ақпан күні сағат 10:00 шамасында қала аумағындағы сауда үйінің артынан ВАЗ 2114 автокөлігімен заңсыз 70,7 келі сазан балық өнімдерін тасымалдаған 59 жастағы азамат анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабымен тиісті іс-құжаттар жинақталып, Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру