Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды

Түркістан облысында көп қарызы бар екенін ата-анасына айтуға қорыққан жігіт көршісіне ескертпестен оның үйінде жасырынып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің 23 жастағы ұлының сағат 21:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Ата-анасы ұлын бір күн бойы іздеген, нәтиже болмаған соң полицияға хабарлаған.

Полиция бірден жоғалған ер жігітті іздеуге жұмылдырылды. Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастырды. Екі күнге созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, 23 жасар жігіттің жеке басында үлкен сомада қарызы болған. Ол жағдайды ата-анасына жеткізуге қорқып, көршісіне айтпастан оның үйінде тығылып жүрген. Бүгінде оқиғаның толық мәнжайы анықталып жатыр.Іздеуге ат салысқан полицейлерге ата-анасы алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру