Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

Абай облысында 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Зайсан көлінің Қарақас учаскесінде “Браконьер” ЖПІШ шеңберінде рейдтік пысықтаулар жүргізу кезінде балықты заңсыз аулағаны үшін 3 жергілікті тұрғынды ұстады, тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келіден астам түрлі балық тәркіленді. Балық монофиламентті торларымен ауланған. Шығын 385 000 теңгені құрады.

Айта кетсек, Қазақстанда 2021 жылдың наурыз айынан бастап су айдындарының фаунасына зиянды әсер ететін синтетикалық, нейлоннан немесе басқа да пластиктен, полиамидті монофиламенттерден және монофиламенттерден жасалған торларды қолдана отырып, балық аулауға тыйым салынды.

Балықшылардан монофиламенттен 5 тор, 1 күрек, шана, 3 қап түрлі балық тәркіленді. Аталған факт бойынша балық ресурстарын заңсыз өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру