Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысы ПД-да Республика күніне орай мерекелік концерт болды

Ұлытау облысы ПД-да Республика күніне орай мерекелік концерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ұлытау облыстық полиция департаменті салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаевтың құттықтау сөзімен басталды.

– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өту – біз үшін маңызы зор. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін, – деді Мұрат Алтаев.

Шара барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов пен департамент бастығының бұйрығымен қызмет бабында алдыңғы шептен көрініп, үздік шыққандар марапатталды.

Марапаттау соңы полиция қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған мерекелік концертке ұласты. Іс-шараға арнайы келген “Алға бас” театры, “Дамира” би ансамблі және жас бүлдіршіндер құралған “Жансарай” ансамблі мерекелік концертте өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру