Ұлытау облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Ұлытау облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 22-ші қыркүйекте бастау алған аталған шараның ауқымы кең. Әрі күтілетін нәтиже де жоғары. Негізгі мақсаты да сол – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.
Сәтбаев қаласында өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аймағындағы тұрғындармен танысу, тұрғындардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер тексерілуде. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандар басты назарда. Тексеру барысында тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көшіп-қону заңнамасын бұзу фактілері жіті тексеріледі. Осы іс-шараның тиімділігі тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы түрлі сұрақтардың оң шешімін табуға бағытталады. Аталған іс-шара аясында тәртіп сақшыларының назарынан аулалар, пәтерлер, базарлар мен сауда орындары, саяжай, құрылыс объектілері, жертөлелер де тыс қалмайды.
«Учаске» профилактикалық іс-шара аясында интернет-алаяқтық қылмысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Әлімжан Кулашов өзіне тиесілі аумақтың тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Полиция капитаны әкімшілік аумақтағы әр пәтерге кіріп, тұрғындардың жағдайымен танысып, интернет-алаяқтардан сақтануға шақыруда.