Ұлытау полицейлері бөтеннің көлігін ұрлаған ер адамды ұстады
Ұлытау полицейлері бөтеннің көлігін ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Ұлытау облысы, Қаражал қаласының полиция бөліміне түнгі сағат 3.00 шамасында Момышұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласынан белгісіз біреу ВАЗ-2106 автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.
22 жастағы жәбірленуші кешкі уақытта сапардан оралған соң көлікті аулаға қойғанын түсіндірді. Түннің бір уағында көлігінің моторының дыбысынан оянып, көшеге жүгіріп шығып, көліктің жоғалып кеткенін байқады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қала көшелерінен ұрланған көлікті тапты. Жасырынуға тырысқан белгілі бір азамат күдік туғызып, полицейлер 28 жастағы жігітті ұстады.
Істі қарау барысында ол тек біреудің көлігіне мініп қыдырмақ ниеті болғанын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.