Ұлытаулық полицейлер Балаларды қолдау орталығына барып қайтты
Ұлытаулық полицейлер Балаларды қолдау орталығына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар жылы мен Қазақстандағы отбасы күніне орай Ұлытау облысы Полиция департаменті Сәтбаев қаласының Достық үйімен бірлесіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында Балаларды қолдау орталығына барып, тәттілер таратты.
Сондай-ақ, аниматорлар балалардың көңілін сергітіп, ойын ойнатты. Бүлдіршіндер тосынсыйға өте риза болды.
– Балалар жылы аясында және Қазақстандағы Отбасы күніне орай бүгін біз балаларды қолдау орталығына барып, жақсы көңіл-күй сыйладық. Басты мақсатымыз – балалардың риясыз күлкісі, бақытты сәттеріне куә болу. Осы шараны өткізуге атсалысқан жандарға шексіз алғыс білдіреміз, – деп атап өтті Ұлытау облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Алдияр Абишев.