Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полиция қызметкерлері әскери-техникалық мектебінің тәлім алушыларымен кездесті

Өскеменде полиция қызметкерлері әскери-техникалық мектебінің тәлім алушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ бастығының орынбасары Марат Баяндинов ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің қалалық филиалының тәлім алушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.

Кездесу барысында полиция қызметкері құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу тәртібі, ҚР ІІМ-де бастапқы даярлықтан өту шарттары туралы айтып, полиция қатарын толықтыруға шақырды.

Марат Баяндинов Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтып, кандидаттарды іріктеу, тестілеуден және дене шынықтыру дайындығынан өту өлшемдері, сондай-ақ полициядағы жұмыстың ерекшеліктері мен түрлі бөлімшелердің күнделікті қызметі туралы айтып берді.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

– жұмыс беруші есебінен алғашқы даярлық оқыту;

– тұрақты және уақтылы жалақы;

– тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;

– мансаптық өсу;

емдеу мекемелерінде және ведомстволық ұйымдарда тегін медициналық қызмет көрсету;

Енді орта біліммен жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызметке тестілеуден өтудің қажеті жоқ.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 232-824, 232-700, 232-619 немесе Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру