Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұры қарағандылықтың пәтерінен ноутбук пен 600 мың сом ұрлап кетті

Ұры қарағандылықтың пәтерінен ноутбук пен 600 мың сом ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің пәтерге кіріп, бағалы заттарды ұрлағанын айтып шағымданған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.

Полиция ұрының сыртқы есікті кілтпен ашып кіргенін анықтады. 170 мың теңге тұратын ноутбук, қуаттағыш, құлаққапты қолды қылған. Сонымен қатар, ұры 600 мың сом – Қырғыз Республикасының валютасын алып кеткен. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

31 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру