Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш жігіт тұрғынның ұялы телефонын көшеде тартып алған

Тараздық полицейлер жедел әрекет етіп, ұялы телефонды тартып алған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада полицияға 22 жастағы жігіт жүгініп, 22 қараша күні Тараз қаласының орталық көшелерінің бірінде бағасы 65 мың теңге тұратын “Samsung” маркалы ұялы телефонын күшпен тартып алған белгісіз адамдарға қатысты шара қолдану туралы шағымданған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні 17,18 және 20 жастағы үш күдікті жігітті ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта үш күдікті де кінәларын мойындады, заттай дәлел тәркіленді. Сондай-ақ осыған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру