Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған жігіт ұсталды

21 жастағы петропавлдық велосипед ұрлады деген  күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп пәтерлі үй кіреберісінде жасалған екі велосипед ұрлығын ашты.

Полицияға Назарбаев көшесіндегі үй кіреберісінен “Forward” велосипедінің ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Полицейлер жәбірленушіден жауап алды және үй кіреберісінде бейне бақылау камераларының болмағаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 19 ықшам ауданда тұратын 21 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Үй кіреберісінде тұрған екі велосипед алынды, оның біреуі ұрланған велосипедке ұқсас болған. Осыған дейін күдікті кәмелетке толмаған танысымен олардың біреуінің әжесі тұратын үй кіреберісінде тұрған екі велосипедті байқап қалады. Жігіт танысына бұл велосипедтер менікі деп, олармен серуенге шығуды ұсынады.

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің басшысы Балабек Жахиннің айтуынша, велосипедтердің бірі жедел уәкілдермен ұрлық туралы арыз келіп түспей тұрып табылған. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша енгізілді. Екі велосипед те алынып, жәбірленушілерге қайтарылды. Велосипед иелері полицияға алғыс білдіріп, бұл оқиға мүлікке барынша жауапты болуға үйреткені туралы атап өтті.

Полицейлер велосипед иелерін көктем-жаз маусымында екі доңғалақты көліктеріне сақ болу қажеттігі туралы ескертеді: велосипедтің сериялық нөмірі, сондай-ақ бояудың түскен жерлері, ойықтар сияқты ерекше белгілерін смартфонға түсіріп алған жөн. Дүкенге барған кезде велосипедті мықты троспен бекітіп, камераның астына қою қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру