Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Аршалыда пойыз басқан жылқының бейнесі желіде тарап кетті

Ақмола облысында қараусыз қалған жылқылар пойыздың астында қалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті түн уақытында «Аршалы-Анар» аралығында 11 бас жылқыны қағып кетті.
Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың
иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде.Темір жол-аса қауіпті аймақ. Осыған орай, көлік полициясы қараусыз қалған малдардың поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы да ескертеді. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс.
Ағымдағы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214
фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдардың
шығып кетуімен байланысты болған. Көліктегі полиция департаментінің
қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда.
Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, ағымдағы жылдың 16 ақпанында сағат 01.38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына «Торғай-
Селеті» аралығында жүк пойызының машинисті темір жол төсемінде үй
жануарының болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданғаны туралы
хабарлама келіп түсті. Шұғыл тежеу қолданылғанмен, 3 жылқыны
қағып кетті.

Осы дерек бойынша оқиға орнына Ерейментау станциясындағы
жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты. Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі Ерейментау ауданының 42-жастағы тұрғыны анықталды. Ол  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1 бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Көлік полициясы қараусыз қалған малдардың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру