Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Көлік бұзылып,19 жолаушы аязда қалды

Павлодар облысында 19 жолаушысы бар микроавтобус жолда тұрып қалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 11-ақпанында сағат 13.30-да «Қызылорда-Павлодар» автожолының 204 шақырымында Павлодар облысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Арман Ғинаятов пен Төлеубай Құдайбергенов жол жиегінде тұрып қалған шағын автобусты байқады.

 

Жүргізуші Нұрлан  Жолдыбаев полицейлерге жол бойында мәжбүрлі тоқтаудың себебі-көлік құралының дөңгелек дискісінің сынуы болғандығын түсіндірді.

 

 Біз 10-ақпан күні «Сарыағаш – Новосибирск» бағыты бойынша жолға шыққан едік,- деп баяндады көлік жүргізушісі Нұрлан Жолдыбаев. Алайда көліктің ақауына байланысты жолда тұрып қалдық.Менде машина көтергіш,домкрат болған жоқ. Екі сағаттан астам уақыт тұрып, көмек сұрадық, бірақ жүргізушілердің ешқайсысы тоқтаған жоқ. Ешқандай жүргізуші ынтымақтастық танытпады. Сағат 13.30 шамасында бізге полиция қызметкерлері Арман мен Төлеубай келді. Осы уақытқа аралығында жолаушылар тоңып қалды.

Автобустың салонында 19 жолаушы – Өзбекстан азаматтары болған. Ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеді. Жарты сағат ішінде полицейлер көлікті жөндеуге көмектесті.

 Біз полиция қызметкері Арман Гинаятов пен Төлеубай Құдайбергеновке көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамыз,- дейді Ильдар Хамитов. Осындай сәттерде,қуанышымызға орай, көмекке әрдайым полицейлер келеді.Осындай азамат тәрбиелеген ата-анасына алғыс айтамыз-деп атап өтті жолаушы Ильдар Хамитов.

Бұл павлодарлық полицейлердің қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге трассада көмек көрсеткен жалғыз оқиға емес екенін атап өткен жөн.

 

Полицейлері жүргізушілерге алыс сапардың алдында, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде, қозғалтқыштардың, аккумуляторлардың, жарық құралдарының жұмысын, барлық қажетті қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандардың бар-жоғын мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.

 

 “102”, “112” телефондарына қоңырау шалуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру