Ювеналды полицияның міндеті – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.
Динара Атинова Қарағанды қаласының тумасы. 2017 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «психолог» дипломы бар.
Аталған жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымынан өзінің қызмет жолын бастаған. 2020 жылдың мамыр айында сол ауданның ювеналды полициясының қызметін ұйымдастыру жөніндегі аппараттың инспекторы лауазымына ауыстырылды.
Қызмет ету кезеңінде Динараның тәжірибесінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әртүрлі көріністері, соның ішінде ұсақ бұзақылық, алкогольді және басқа да тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері, сондай-ақ балалардың қолайсыз отбасыларында «тәрбиеленген» көптеген жағдайлар болды.
– Әрбір кәмелетке толмаған бала мен отбасын зерттей отырып, біз кәсіби қасиеттермен қатар психолог болуымыз керек. Балаға қатысты қызметте жұмыс істегендіктен, немқұрайлы және салқынқанды болу мүмкін емес, сіз барлық жағдайды өзіңіз арқылы өткізесіз. Балалардың еш кінәсі жоқ және біз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндеттіміз, – деп атап өтті Динара Ғалымжанқызы.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында полиция капитаны адамзаттың әйел жартысын шын жүректен құттықтайды және әр үйге амандық, әр әйелге әйел бақытын, әр балаға бақытты балалық шақ тілейді.