Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция басшысы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Көктем мерекесі қарсаңында Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Халықаралық әйелдер күнімен нәзік жандыларды құттықтады. Елордалық полицияда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше жылулықпен және қамқорлықпен қарайды. Мереке күні қызметте жүрген арулар ғана емес, шақырылған қонақтар да құрметке ие болды, олардың ішінде ІІО ардагерлері, күйеулері мен ұлдары қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің әйелдері мен аналары бар.

Бүгінде елордалық департаментте жоғары ұйымшылдық пен кәсібилік таныта отырып, әртүрлі бөліністерде абыроймен қызметін атқарып жүрген нәзік жандылар көп.

Ер азаматтармен қатар әйелдер – тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, кинологтар, жедел уәкілдер және ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істейді.


Елордалық полиция басшысы барлық әйелдерге амандық, денсаулық, көктемгі көңіл-күй тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

– Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз үшін ізгі лебіздерімізді қабыл алыңыздар. Сіздер оңай емес мамандықты таңдадыңыздар, күн сайын ер адамдармен бірге Елорданың игілігі үшін қызмет атқарасыздар. Күрделі міндеттерді орындау және кәсіби жетістіктерге жету сіздер үшін әйел затына сай сұлулықты, нәзіктікті сақтай отырып, үй тірлігін де қатар алып, қамқор әйел мен ана болып қалуға кедергі болмайды, – деді Марат Төлебаев.


Елордалық полицей-әйелдер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медальдарымен, құрмет грамоталарымен, II дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төс белгісімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Погондағы нәзік жандылар ҚР ішкі істер министрі мен елорда департаменті бастығының құқықтарымен марапатталды.

Барлық сүйкімді ханымдар үшін ішкі істер органдары қызметкерлері мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру