Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз телефон өткізбек болған азаматтың әрекеттері әшкереленді

Атыраудағы тергеу изоляторында сәлемдемелерді рентген аппараты арқылы тексеру кезінде ыстық тамақтың ішіне жасырылған төрт дана ұялы телефон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз сәлемдеменің есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынған күдіктіге арналғаны анықталды.

– Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жетпей, құқық бұзушылықтың жол кесілді. Қазіргі таңда 24 жастағы курьер ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

Айта өту керек, қазіргі таңда тергеу изоляторына әкелінетін барлық сәлемдемелер “Адани” рентген аппараты арқылы тексеріледі. Өткен аптада мекемеде ұсталушыға жеткізілген йогурттың ішінен жасыл түсті шөп пен дәрі-дәрмек табылған еді. Табылған заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру