Зейнеткер құжаттарын рәсімдеуге көмектескен полицейге алғысын білдірді
Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылының тұрғыны Фагима Таухутдинова полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
88 жастағы ақ жаулықты ана халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде Сарыағаш аудандық Полиция басқармасы көші – қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Димаш Абдуманапов кейуананың кіріп шығуына көмектесіп, құжаттарын кезексіз рәсімдеп берген.
– Мен бірінші топ мүгедегімін. Халыққа қызметкөрсету орталығына құжаттарымды рәсімдеуге келгенде жас жігіттер жүгіріп келіп, көмек көрсетті. Қолымнан ұстап, дем берді. Құжаттарымды да дер кезінде жасап берді. Әрдайым қорғанымыз болған, әрі көмекшіміз атанған полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – дейді Фагима Таухутдинова.
Ал, Қызылжар ауылының тұрғындары 68 жастағы Ильяс Кулманов пен жұбайы Кулжаһан Кулманова да мерзімі өтіп кеткен құжаттарын қайта рәсімдеу үшін ХҚКО келген. Ерлі-зайыптылар көші – қон қызмет іинспекторларының сапалы қызметтеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Жалпы арнайы мобилді топ үй-үйді аралап, қариялармен ақ жаулықты аналардың құжаттарын рәсімдеу қызметін көрсетеді. Ал, төл құжаттарының мерзімі өтіп кетуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталығына өздері келген жасы үлкен жандарды көші– қон қызметі бөлімшесінің инспекторлары кезексіз қабылдап, құжаттарын рәсімдеп жатыр.