Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған сиырлар ауылдан 5 шақырым жерден табылды

Түркістан облысында жоғалған сиырлар полицейлердің көмегімен иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданған тұрғын ауыл маңындағы жайылымнан үш сиырының жоғалып кеткенін айтқан.

Полиция қызметкерлері бірнеше мобильді топқа бөлініп, басқа да жайылымдар мен жақын маңдағы төңіректі тексеріп шықты.
Мал таситын автокөліктер мен базарлар, ет сататын және мал сойылатын орындар да қаралды.
Жоғалған сиырлар ауылдан бес шақырым жердегі жайылымнан табылды. Ауыл тұрғыны Бәйдібек ауданының полицейлеріне алғысын жеткізіп, табыс тіледі.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мал баққан кезде барынша қырағы болып, көзден таса қылмауға шақырады. Оған қоса төрт түлікті таңбалау мен сырғалауды да ұмытпаған жөн. Мүмкіндігінше қора жайларды сенімді қоршаулармен бекітіп, жарықтандырумен қамтамасыз еткен дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру