Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер түнгі рейдке шықты

Қызылордалық полицейлер төтенше жағдайға қатысты түсіндіру жұмыстарын еріктілермен бірге жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Еріктілер қозғалысының жұмысы осы жауапты сәтте өте маңызды. Облыста басым бағыттар бойынша үйлестіру орталықтары жұмыс істейді.

Сауда орталықтарында, аялдамаларда, көпқабатты үй аулаларында және жеке секторда, сондай-ақ бақылау-медициналық пунктерде ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр.

Іс- шара барысында барлық азаматтарға жадынамалар, ақпараттық мәліметтері бар бюллетеньдер таратылды.

Еріктілер күнделікті жүргізіліп жатқан түнгі рейдтерге де белсенді қатысып жатыр.

Айта кету керек, ірі сауда нысандарына олардың жұмыс істеу уақыты бойынша 10.00-ден 18.00 – ге дейін, киім-кешек базарлары үшін-11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және қабылдау уақыты 22.00-ге дейін ғана жалғасады.

Аталған шектеулерді орындамағаны үшін кафелер мен мейрамхана әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза қолданылатын болады.

Бұл ретте, полиция қызметкерлері азаматтардың төтенше жағдай режимін сақтап, қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау қажеттігін ескертеді. Атсалысқан еріктілер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен: бетперделермен, қолғаптармен, жеке гигиена құралдарымен және антисептиктермен толықтай қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру