Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай футболдан турнир ұйымдастырды

Жамбыл облысы ПД Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай футболдан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті. Бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында ПД бастығы Арманбек Баймурзин хабарлады.

“Динамо” спорт кешенінің футбол алаңына жарысқа қатысу үшін 11 команда шықты.

– Тартысқа толы турнир қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Мұндай ойындарда тек жеңіс қана емес, достық қарым-қатынасты нығайту да маңызды. Жолдастық кездесулер ұжымдық рухты нығайтып, әріптестер арасында ұйымшылдықты арттырады, – деп атап өтті Арманбек Хакимбекұлы.

Турнир қорытындысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы жеңіске жетсе, екінші орынға Полиция департаментінің командасы, үшінші орынға Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы ие болды. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар да марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздардың сыйлықтарын қазақстандық футбол жұлдыздары Самат Смақов пен Давид Лория табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру