Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 12 күннің ішінде 54 мас жүргізушіні анықтады

СҚО полицейлері 12 күннің ішінде 54 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолда тексеру, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізу – Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері жол қауіпсіздігін нығайтуда екі апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Патрульдік полицияның жеке құрамы, ауылдық жерде учаскелік полиция инспекторлары тартылды. Акцияның басты мақсаты – жаз кезінде жол-көліктен жарақаттануды және апаттылықты төмендету, себебі жазғы демалысқа шыққан балалар белсенді жол қозғалысы қатысушыларына айналады. Басты назарда – жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау. Көлікті масаң күйде басқару фактілері ерекше алаңдатушылық тудыруда. “Жол-көлік оқиғасын тоқтатамыз” акциясының 12 күнінде масаң күйде көлік жүргізген 54 жүргізуші жауапқа тартылды.

– Іс-шара кезінде облыс жолдарында 3317 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 600-ден астам жылдамдық режимін бұзу фактісі анықталды, бұл әсіресе жауын-шашын кезінде қауіпті, дымқыл асфальт көлік құралдарының тоқтауына кедергі келтіреді. Бұдан бөлек, 35 жүргізуші жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген, төртеуі қарсы бағытқа шығып кеткен. Бұрын басқару құқығынан айырылып, рөлге отырған 14 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Мотоцикл жүргізушілеріне қатысты 53 хаттама толтырылды, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Полицейлер жазғы демалыс кезінде сақтық шаралары аса маңызды екенін еске салады. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының жолдағы жүріс-тұрыс ережелерін білетініне көз жеткізуі тиіс және өздері де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру