Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында екі көліктің қатысумен ЖКО орын алды: 2 адам көз жұмды

Жамбыл облысында екі көліктің қатысумен ЖКО орын алып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 01.10-да Жамбыл ауданы, Гродеково ауылының Ақжол көшесінде орналасқан “ҚазМұнайГаз” автожанармай құю бекетінің жанында Mercedes Benz және BMW маркалы екі автомашинаның қатысумен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сондай-ақ осыған қатысты тиісті сот сараптамалары тағайындалды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру