Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында пәтер ұрысы УҰИ-ға қамауға алынды

Жамбыл облысында пәтер ұрысы УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың 21 қаңтарында Шу АПБ-ға осы ауданның 28 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам үйінің құлпын бұзып, пәтеріне заңсыз кіріп LG теледидарын, күртеше, әшекейлер, алтын және күміс сақиналарын жасырын ұрлап кеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 412 мың теңгені құрайды.

Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар, бұрын сотты болған Шу ауданының 50 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру