Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер ұлы Абайдың рухани мұрасын ұлықтады

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жамбыл облысы полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы тағылымды кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында ішкі істер органдарының ардагері Асқар Арқабаев Абай шығармалары мен “Қара сөздерінің” тәрбиелік мәні туралы айтып, ақын мұрасының өскелең ұрпаққа берер өнегесі мол екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі, сондай-ақ оның философиялық және адамгершілік идеяларының бүгінгі қоғам үшін маңызы туралы ой бөлісті.

Аталмыш шара ақынның мол мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру