Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция 1 күн ішінде борышкерлерден 6 млн теңге өндірді

Жамбыл облысында полиция 1 күн ішінде борышкерлерден 6 млн теңге өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылғы 27-29 ақпан аралығында Жамбыл облысында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның басты мақсаты – халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы хабардар ету.

Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, жүргізушілерді арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті дерекқорлар бойынша тексеруді жүзеге асырады. Көлік құралына тиым салынғаны анықталған жағдайда борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады.

– Бірінші күні мемлекет бюджетіне 6 миллион 246 мың теңге өндіріп алынды. Иелерінде төленбеген айыппұлдары бар 89 көлік арнайы айып тұраққа қойылды, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Алишев.

Халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 549 борышкердің үй-жайларына бару жүзеге асырылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды атында бар әкімшілік айыппұлдарын мерзімінде төлеуге шақырады. Сондай-ақ жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұлдың 50% -ын төлеуге құқығыңыз бар екенін естеріңізге саламыз. Жеті тәулік өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық көлемде өтеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру