Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйелі түрде қабылдануда

Жамбыл облысында 2020 жылдың он айында қылмыс көрсеткіші 28% – ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жамбыл облысының аумағында қылмыстар саны 28% – ға азайды. Әсіресе ұрлықтардың, оның ішінде қалта және ұялы телефон ұрлықтарының, зорлау, қарақшылық шабуылдар, мал ұрлықтарының, тонау және бұзақылықтардың саны азайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 34% – ға азайды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 25% – ға, оның ішінде олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына байланысты қылмыстар 33% – ға қысқарды.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар саны 27% – ға азайды.

Биыл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі міндеттерін орындаумен қатар, полиция қызметкерлері карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге тартылды.

Облыс бойынша өкілетті органдардың қызметкерлерінен 51 мобильді топ құрылды, оның құрамында полиция қызметкерлері де бар. Олар 11 250 нысанды тексерді. Нәтижесінде 656 құқық бұзушылықты анықтады. 368 дерек бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері жалпы сомасы 45,5 млн.теңгеге айыппұл салды.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында ішкі резервтер, яғни штат санын қайта бөлу есебінен учаскелік полиция инспекторларының санын тиесілілік  нормаларына дейін жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша учаскелік полиция инспекторларының жалпы штат саны 355 бірлікті құрайды, тиесілілік нормаларына жеткізу үшін қосымша 259 бірлік талап етіледі.

ІІМ қолдауымен біз учаскелік полиция қызметкерлерінің санын кезең – кезеңімен 122 бірлікке ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат депутаттары  бюджет мүмкіндіктеріне қарай бізге қолдау көрсетуде. Өткен жылы ғана Департамент қажеттілігі үшін 233 бірлік автокөлік сатып алынды. Биыл жалпы сомасы 422 млн.теңгеге 100 бірлік “Lada 21214” автокөлігі сатып алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру