Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған.

Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру