Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының саны 52%-ға төмендеді

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы облысының шекарасынан Түркістан облысына дейінгі арақашықтығы 450 шақырым болатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық көлік жолдарының учаскелерінде екі бағытта да автомобильдер колоннасын сүйемелдеуді жүзеге асырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қабылданған шаралар нәтижесінде республикалық маңызы бар трассадағы жол-көлік оқиғаларының саны – 52%-ға, қаза тапқандар – 39%-ға, зардап шеккендер санының 121%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол апаттарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды. Есіңізде болсын, жол қауіпсіздігі өзіңізге байланысты!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру