Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айдар Сайтбеков кореялық әріптестерімен полицейлерді даярлауды талқылады

Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков Корея Республикасы КЕНГИДО провинциясы полиция департаментінің бастығы Ли Мунсумен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында ішкі істер органдарының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Соның бірі әрі ауқымдысы – полиция қызметінің жаңа тәсілі. Осыған орай ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков Корея Республикасы КЕНГИДО провинциясы полиция департаментінің бастығы Ли Мунсумен кездесу өткізді.

Екі республиканың полиция қызметі жайлы кездесу барысында Сайтбеков қазақстандық тараптан ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында Корея Республикасы полициясының тиімділігін бағалау критерийлері, оның полиция қызметінің сервистік моделі шеңберінде азаматтық қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимылы мәселелері де талқыланды.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы полиция кадрларын даярлаудағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

– Шетелдік озық тәжірибе бұл процеске дайындық түрлі сервистік элементтерді тестілеуден басталатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қауымдастықты, сондай-ақ түрлі салалардың жетекші мамандарын тарта отырып, елімізлегі полиция қызметіне қауіпсіздік проблемаларын анықтау және шешу мақсатында полицияның қоғаммен, жергілікті билік органдарымен тізе қосып, бір бағытта жұмыс істеумен жандандырамыз, – деді А.Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру