Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жыл басынан бері 220 ЖКО тіркелген

Жыл басынан бері Жамбыл облысында 220 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 31 адам қаза тауып, 300-ден астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Статистика көрсеткендей, жүргізушілердің кінәсі осы апаттардың 99 пайызында анықталған. Сондай-ақ мас күйдегі жүргізушілердің кінәсінен болған ЖКО саны 16,7%-ға артты. Жүргізілген талдауға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының көпшілігінің негізгі себептері – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін саналы түрде бұзуы, яғни жылдамдық режимін асыра пайдалану, маневр жасау ережелерін бұзу, жол белгілерін сақтамау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтуді бұзу.

ПД бастығы апаттарда қаза болған балалардың саны ерекше алаңдатушылық туғызатынын, өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге өскенін атап өтті.

– Бұл жағдайда олардың әрқайсысының артында бала өмірі тұрғанда сандар туралы айтудың да қажеті шамалы. Атап өту керек, жыл басынан бері жол-көлік оқиғасында қаза тапқан бірде-бір жолаушы бала көлікте балаларды арнайы ұстау құрылғысында болмаған. Ата-аналар көбіне автокөлік орындығын сатып алуды кейінге қалдырады, бірақ бұл баланың өмірінен немесе денсаулығынан қымбат емес екенін есте ұстаған жөн, – деді Жамбыл облысының бас полицейі Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда мемлекет апаттылықты азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрландыруға өте көп қаражат бөліп жатқанын айтты. Алайда жүргізушілердің тәртібі төмен болғандықтан өзінің өмірі үшін ғана емес, басқа адамдардың тағдыры үшін де жауапты екенін түсінбейінше, мұның барлығы айтарлықтай нәтиже бермейді.

Жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, қаза тапқандардың санын 26,2%-ға, ал зардап шеккендердің санын 22,8%-ға төмендегеніне қарамастан, әрбір өлім оқиғасы жеке отбасы үшін де, жалпы қоғам үшін де қайғылы әрі орны толмас шығын деп санайды ПД бастығы. Ол жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Арманбек Баймурзин өмірде болған оқиғалар негізінде ҚР ІІМ түсірген жол қозғалысы ережесін сақтаудың маңыздылығы туралы осы бейнероликтерді барынша таратуды сұрайды. Осылайша бір өмірді болса да құтқарып қала алатынымызға сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру