Жетісу облысында мас адам жол жиегінде тұрған көлікті айдап кеткен
Жетісу облысында мас адам жол жиегінде тұрған көлікті айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 сәуірден 11 сәуірге қараған түні Үштөбе қаласында мас күйде жергілікті такси жүргізушісінің Audi 100 көлігін ұрлап кеткен 37 жастағы ер адам ұсталды.
Қылмыскер көліктің иесі жол жиегіне есігін құлыптамай қойып кеткенін пайдаланған.
Ұрланған көлікті іздеп-табуға такси жүргізушілері көмектесті, олар іздеуде жүрген шетелдік көлікті байқап қалып, өздерінің WhatsApp тобында орналасқан жерін көрсеткен.
Автокөлікті айдап кеткен ер адам полицейлерді көре сала, жеке үйлердің аулалары арқылы қашып, жасырынбақ болған. Медициналық сараптамаға сәйкес ер адам масаң күйде болған. Көлікті айдап кету фактісі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды.