Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының автожолдарында мыңнан аса құқық бұзушылық дерегі тіркелді

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автожолдарында полиция қызметкерлері 1 224 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталуда. Бір апта ішінде патрульдік жасақтар жол қозғалысы ережелерін бұзушылыққа қатысты 1 224 әкімшілік хаттама толтырды.

– Мәселен, жылдамдық режимін асырғаны үшін 359 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жол қиылысынан өту ережелерін бұзғаны үшін – 91 адам, қауіпсіздік белдігі бекітілмеген көлікті басқарғаны үшін – 61 адам, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 52 адам айыппұл төледі, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД ППБ командирі Серғазы Әбдіқұлов.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар 63 жаяу жүргіншіге қатысты жасалды. Одан бөлек, 71 жүргізуші – көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны, 17 жүргізуші – міндетті сақтандыру шартын жасамағаны, бір жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 17 көлік құралы қойылды.Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қыс мезгіліндегі көлік жолдары әрбір жол қатысушысынан ерекше сақ және мұқият болуды талап ететінін еске салады. Жол ережелерін бұзу арқылы Сіз өз өміріңізге ғана емес, жолаушылардың өміріне де қауіп төндіретініңізді ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру