Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда өртенген көлік тапсырыспен орындалғаны анықталды

Алматы полициясы көліктің тапсырыс бойынша өртенуін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нысан – жергілікті тұрғынға – 1952 жылы туған К.есімді азаматқа тиесілі “Subaru” автокөлігі.

– Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған. Бақытымызға орай, көлік құралы өртенуінің салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл факт ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді. Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Бұл – 1983 жылы туған Ш. азамат болып шықты, ол жұмысы үшін оған 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады. Өртке тапсырыс берушісі дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Спикердің айтуынша, екі күдікті де ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру