Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында қызмет барысында қаза тапқан полицейлердің отбасы мерекемен құттықтады

Алматы облысында қызмет барысында қаза тапқан полицейлердің аналары мен жұбайлары барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындары, ата-аналары, жарлары мен балалары барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтады.

Құттықтаушылар арасында 2008 жылғы шілдеде қарулы аса қауіпті қылмыскерді Қапшағай қаласында ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан ғалым Тәттібековтің анасы – Биғайша Қалымбетқызы Тәттібекова; 2006 жылғы мамырда қызмет атқару кезінде пышақ жарақатынан қаза тапқан қызметкердің жұбайы полиция капитаны Айнагүл Алинова; 2013 жылы қарулы қылмыскердің қолынан қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы капитан Ержан Ахметовтің жұбайы полиция майоры Баян Ахметова; қызмет барысында 2016 жылы қарулы қылмыскердің қолынан қаза болған полиция капитаны Азамат Мұратбаевтың анасы Алма Көлбайқызы Мұратбаева; 2020 жылдың қыркүйегінде инсульттан қайтыс болған полиция капитаны Қуаныш Рахметовтың жұбайы төрт баланың анасы Айгүл Рахметова бар. Құттықтаушылар ұдайы қамқорлығы үшін ел Президентіне, Үкіметке, ІІМ басшылығына және Алматы облысы ПД басшылығына алғыс білдірді. Қазақстанның барлық азаматтарына амандық пен өсіп-өркендеу тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру