Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 100-ден астам граффити жазулар өшірілді

Жамбыл облысының полицейлерімен жүзден астам граффити жазулар жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 11 желтоқсанында жамбылдық полиция қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, облыс орталығының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар граффитти жазуларды алып тастау бойынша іс-шара өткізді. Нәтижесінде қала бойынша 100-ден астам жазба жойылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет желісіне күнделікті мониторинг жүргізу арқылы “Telegram” қосымшасында есірткіні жарнамалаған парақшаларды анықтады.

Қазіргі уақытта бұл интернет парақшалар бұғатталған, оларды ашуға және жұмыс істеуіне қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде.

Граффити жазуларды енгізгені және интернет желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жаза көзделген. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен жасағаны үшін үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Есірткі заттарын жасыратын құпия орындарды ұйымдастырған тұлғалар есірткі заттарын өткізген санатында жауапкершілікке тартылады және ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша бес жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал жалпы білім беретін мекемелерде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тартылатын болады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпағының денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемадан тыс қалмауға, есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру