Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері мектеп демалысы қарсаңында профилактикалық жұмысты күшейтті

Жамбыл облысының полицейлері мектеп демалысы қарсаңында оқушылармен профилактикалық жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты жандандырады.

Тәртіп сақшылар көктемгі демалыс қарсаңында облыс мектептерінің оқушыларымен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру бойынша профилактикалық әңгімелер өткізеді, жаяу жүргіншілер тап болуы мүмкін қиын жағдайларды да қарастырады.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар велосипед, скутер және роликтермен қалай және қай жерде дұрыс жүру керектігін, сондай-ақ жолдан қалай дұрыс өту керектігін түсіндіреді.

Облыстың барлық мектебінде кең ауқымды ата-аналар жиналысы өткізіледі. Автокөлік құралдарының иелерімен жол қозғалысы ережелерін бұзуға және автокөлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге жол бермеу туралы жұмыстар жүзеге асырылады.

– Біз балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ауа райының жылынуы және мектеп демалысының жақындауы аймақтағы жағдайға әсер етеді. Жасөспірімдер көп уақытын аулаларда және көшеде өткізеді, ондай уақытта олар қауіпті жағдайға тап болуы әбден мүмкін. Осы айтылғандарды ескере отырып, ата-аналардан балаларының мінез-құлқы мен байланыстарына қырағы болуын, олардың бос уақытына тиісті қадағалау жасауын, кешкі сағат 23:00-ден кейін олардың үйден тыс жерде болуына жол бермеуін ескертеміз, – деді ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру