Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған полицейлері теміржол вокзалында жолаушыларды алаяқтықтан сақ болуға шақырды

Ұлытау облысының полиция департаменті алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Жезқазған станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, теміржол вокзалында жолаушылармен әңгімелесіп, алаяқтардан абай болуға шақырды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары вокзалға арнайы барып, жолаушылар үшін интернеттегі алаяқтықтың алдын алу тақырыбы бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Вокзал диспетчері дауыстық күшейткіш арқылы жолаушыларға алаяқтардың арбауына түспеуге түрлі сілтемелерге кіріп алданып қалмауға кеңес берді. Іс-шара барысында полицейлер вагондарда жолаушылармен әңгімелесіп, оларды интернеттегі алаяқтық әрекеттермен байланысты ықтимал қауіптерден сақтандырды. Тәртіп сақшылары алаяқтықтың белгілері туралы ескертулер жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.

Ұлытау облыстық полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы болуға, алаяқтық әрекетке күдік туындаған жағдайда полицияға жүгінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру