Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының түрмесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Жамбыл облысының түрмесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілдеде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 түзеу мекемесінің қызметкерлері сағат 05:00 шамасында күдікті азаматты қолға түсірді. 39 жастағы К.есімді азамат мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған.

Күдікті ер адамнан төрт пластикалық бөтелкеде спирттік ішімдік, екі ұялы телефон, бес телефон қуаттағыш және екі ұялы байланыс құралының батареясы, сондай-ақ есірткі тәркіленді. Алдын-ала болжам бойынша, күдіктінің аталған абақтыда туысы немесе танысы жазасын өтеп жатқан болуы мүмкін.

Түзеу мекемесінің режим және жедел бөлім қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдіктінің арам пиғылы жүзеге аспады.

Аталған дерекке қатысты АЕК тіркеліп, ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру