Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жаңа өзгерістер түсіндірілді

Жамбыл полицейлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жаңа өзгерістер түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 күні Жамбыл облысы полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары Әділет Бекмурзиновтың облыстық полиция ведомствосының басшылығымен және жеке құрамымен жұмыс кездесуі өтті.

Кеңесті аша отырып, Әділет Сәдуұлы қазір мемлекет және ведомство басшылығы ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мен материалдық қамтамасыз етуді нығайту үшін барлық жағдай жасап жатқанын атап өтті. Қызмет өткеру үшін қалыпты жағдай жасау арқылы ғана қызметкерлерден берілген жұмыс учаскесіне сұранысты қатайтуға болады. Алдағы уақытта полицейлердің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау жалғастырылатын болады.Сондай-ақ ҚР ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа немесе “Integrity check” тексерулерінің пилоттық жобасын іске қосу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тексеру күнделікті өзара әрекеттесетін және халықпен байланыста болатын бөлімшелерден басталады. Бұл қатарға патрульдік, ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері және жедел-тергеу топтары жатады.

Бастапқы кезеңде азаматтармен қарым-қатынастың ізгі ниетін, әдептілігін және қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел әрекет ету қабілетін тексеруге баса назар аударылды. Сондай-ақ қызметкердің сыртқы түрі, қызметтік планшеттерді, бейнетіркегіштерді, жетондарды, автокөліктерді және т.б. мақсатты пайдалануы бағаланды.

– Тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті: қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, полиция жұмысының сервистік моделінің қағидаттарына сәйкес келетін дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылды. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтармен байланыс кезінде жұмыстың бұл түрі мен егжей – тегжейге назар аудару жеке құрамды тәртіпке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар жоғары профилактикалық әсер етті, – деп атап өтті Әділет Бекмурзинов.

Өз кезегінде Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзин Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмаларын орындай отырып, біздің облыста полиция қызметінің мызғымас қағидаттарын бұзып, ІІО қызметкерінің жоғары беделін түсіргендермен дәйекті және тиісті күрес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтауға және жоюға бағытталған күнделікті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Әділет Сәдуұлы Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторингілеу сияқты алдын алу шараларын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, жеке құрам арасында тәртіпті нығайту және халықтың полиция жұмысына деген сенімін арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу жөнінде ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру