Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары сауда орталығынан ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында полицияға “MART”сауда павильоны дүкендерінің бірінің 31 жастағы әкімшісі жүгінді. Олардың дүкенінен белгісіз біреулер жалпы құны 400 500 теңге болатын киімді жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының
30 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу амалдары барысында ұсталған азаматтың сатушылардың абайсыздығын пайдаланып, жасөспірімдер киімін жасырын ұрлап кеткен дүкенге бірнеше рет кіргені анықталды.

Күдікті дүкеннің заттарын жолқапшығына салып, одан әрі кедергісіз шығып кеткен. Пайда табу мақсатында ұрланған киімдерді сатқан.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру