Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда тұрғыннан «Калашников» автоматы және оқ дәрілері тәркіленді

Жамбылда тұрғыннан «Калашников» автоматы және оқ дәрілері тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі және ҰҚК-нің қызметкерлерімен бірлесе жасалған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай ауылына қарасты таубөктерінде Каменка ауылының тұрғыны – 32 жастағы азаматтан заңсыз сақтап келген АКСУ-74 маркалы автомат қаруы және басқа да тегіс ұңғылы атыс қарулар, 5,45 калибірлі бірнеше оқ дәрілер тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алынған қару жарақтардың бұрын болған қылмыстарға қатысын бар-жоғын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру